ҚР Туризм және спорт министрлігі жаңа жылдық мерекелер мен қысқы демалыс қарсаңында шетелде қазақстандық туристерді қорғауға бағытталған шаралар қолға алынып келе жатқанын еске салды.
“2016 жылдан бері Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі жұмыс істеп келеді, оның әкімшісі – «Туристік Қамқор» қоры болып табылады. Бұл жүйеге сыртқы туризммен айналысатын туроператорлар қатысады, олар әрбір туристке туркод беруге міндетті”, – делінген ресми мәлімдемеде.
Туркод – бұл әріптер мен сандардан тұратын бірегей код, оны тексеру арқылы турист туроператордың ұшу мен тұру шығындарын қабылдаушы тарапқа және әуе компаниясына төленгеніне көз жеткізе алады.
Бұл бірегей механизм туроператордың өз міндеттемелерін орындай алмауы немесе төтенше жағдайлар/оқыс оқиғалар орын алған жағдайда туристердің елге қайта оралуын кепілдендіреді.
Туркодты әкімші сайтында немесе «Туркод» мобильді қосымшасында тексеруге болады. Қосымшада сонымен қатар турагенттіктердің тізімі, баратын ел туралы ақпарат, Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтарының байланыс мәліметтері бар.
Қосымшаны AppStore және GooglePlay арқылы жүктеп алуға болады.
Бұдан бөлек, туркодты тек туроператор жасаған және турагент сатқан турды сатып алған туристке ғана беріледі. Агенттікті таңдаған кезде олар туркод беретінін міндетті түрде анықтаңыз. Туристік қызмет көрсету туралы келісімшарт жасаңыз және құжаттарды сұраңыз (төлемді растайтын кассалық чек, ваучер, сақтандыру полисі және т.б.).