Қазақстандық ғалымдар аязға төзімді бидай түрін шығарды

Қазақстандық ғалымдар аязға төзімді бидай түрін шығарды

ҰАҒБО ғалымдары күзгі бидайдың жаңа сортын гибридті популяциядан жеке сұрыптау нәтижесінде шығарды. «Шөл» деп аталатын жаңа сұрып Гостианум (Hostianum) гибридті түріне жатады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметтерінде «Шөлдің» сипаттамалары айтылады: ұзындығы 8-12 см цилиндрлі масақтары бар, құрылымы тығыз, 10 см-ге жететін 14-18 тікенекті түктері болады. Дәні шыны тәрізді, жартылай ұзын, ірі, қызыл түсті, түбі тегіс, ортаңғы ойығы бар.

Өсімдіктің биіктігі 105-115 см, сабағы қалың, түрлі жағдайларда өсіруге мүмкіндік бар. Бұтаның пішіні жартылай тік боп келеді.

Сорттың шаруашылық құндылығы оның жоғары өнімділігінен байқалады. 1000 дәннің салмағы 40,8-49,0 г, көлемі 757-820 г/л, негізгі масақтағы дән саны 45,5-60,5 түйірге жетеді. Ең бастысы «Шөл» сорты қысқы суық пен жазғы ыстыққа және құрғақшылық пен ауруға да төзімді.

Жаңа сорт суармалары жерлер мен тыңайтқыштарды пайдалану жағдайында өсіру үшін ұсынылады. Піскен кезде дәні шашылмайды және оңай бастырылады. «Шөл» өнімділігі 25,5-40,5 ц/га құрайды.

Бұл сорт сынақтан сәтті өтті және жерсіндіру жұмысында да жақсы нәтиже берді. Ғалымдар тың өнімге патент алып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен табысты пайдаланылуда. Ғалымдар мен селекционерлер жаңа «Шөл» сорты мол өнім әкеліп, ауыл шаруашылығы саласында өнімділік көрсеткіштерін арттырады деп сенеді.

Жаңалықтармен бөлісу