Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Чуркин жарыста 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.
Қоссайыстың нәтижесі бойынша ол 360 (163+197) келі көтерді. Екінші орынды ирандық Илия Салехипур еншіледі – 356 (161+195) келі, ал қола медальді тағы бір ирандық Аббаспур Алиреза жеңіп алды – 355 (159+196) келі.
Айта кетейік, жақында Манама қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Алексей Чуркин күміс жүлдеге ие болған еді.