Қазақстанда жеке куәліктердің қағаз көшірмелерін жинауға тыйым салынады

Қазақстанда жеке куәліктердің қағаз көшірмелерін жинауға тыйым салынады

Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда азаматтардың дербес деректерін қорғау туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды “NewTimes.kz”.
Заң жобасы бойынша 12 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді:

“дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу” ұғымын айқындау;
дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау функциясын беру;
Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттардың қағаз көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салу белгіленеді.
Заң жобасын қарау кезінде депутат Қарақат Әбден жеке куәліктердің қағаз көшірмелерін жинауға тыйым салынған жағдайда, интернет-қамтамасыз ету проблемалары байқалатын өңірлер мен ауылдық жерлердің азаматтарына қалай болатынын сұрады.

“Интернет байланысы жоқ жағдайларда арнайы ерекшеліктер жазылады. Бірақ, біздің ойымызша, жеке куәліктердің көшірмелерін жинау міндетті емес, өйткені құжаттан қажетті деректерді көшірмелерсіз қайта жазуға болады”, — деді Цифрлық даму министрлігі басшысының орынбасары Мәлік Олжабеков.

Жаңалықтармен бөлісу