Қазақстанда жаһандық электрондық сауда тауарларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін цифрлық қызметтер әзірленеді yandex.kz

Қазақстанда жаһандық электрондық сауда тауарларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін цифрлық қызметтер әзірленеді

«Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова Үкімет отырысында Қазақстанда цифрлық қызметтер әзірленіп жатқанын, азаматтардың жаһандық электрондық сауда тауарларына қол жеткізуге мүмкіндік беретінін хабарлады.

Басқарма төрағасы QAZPOST KERUEN АҚШ, Қытай, Германия және Оңтүстік Кореяның жетекші маркетплейстеріне тікелей қол жеткізуді қамтамасыз етіп, кедендік ресімдеуді жеңілдететінін, ал пошта қызметтері бүкіл еліміз бойынша ыңғайлы болатынын атап өтті.

«Қазпочтаның инфрақұрылымы мен QazPost супер қосымшасының арқасында біз жаһандық eСom-ды Қазақстанның әр түкіпірінде қолжетімді етеміз», — деп толықтырды Әсел Жанасова.

Жаңалықтармен бөлісу