17.07.2025
Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді: 660 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады.

Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді: 660 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 660 мыңнан асқан.

Бұл — елімізде дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6%-ын құрайды (2023 жылы — 619,2 мың адам немесе 8,7%). Жаттықтырушылар құрамы 1781 маманды қамтиды, оның ішінде 1004-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді.

2018–2024 жылдар аралығындағы динамика:

2018 — 375 926 адам

2019 — 399 357 адам

2022 — 432 457 адам

2023 — 619 200 адам

2024 — 660 000-нан астам адам

Ең танымал спорт түрлері:

• қазақша күрес,

• тоғызқұмалақ,

• асық ату,

• көкпар,

• бәйге,

• теңге ілу,

• жамбы ату,

• аударыспақ,

• құсбегілік,

• дәстүрлі садақ ату,

• жекпе-жек және басқа да түрлер.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында өңірлерде 15 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен 17 мамандандырылған клуб жұмыс істейді. Қазақстанда жыл сайын ұлттық спорт түрлері бойынша 1000-нан астам жарыс өтеді.