Қазақстанда үш букмекер кеңсесі лицензиясынан айырылмақ

Қазақстанда үш букмекер кеңсесі лицензиясынан айырылмақ

Мәдениет және спорт министрлігі сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері заңнаманы бұзумен жұмыс істеген 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды  министрліктің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы букмекерлік кеңселер саны 2 еседен астам қысқарды. Егер 2021 жылдың басында елде 38 букмекерлік кеңсе жұмыс істесе, бүгінде 16-сы бар,  12-сі іс жүзінде жұмыс істейді.

Олардың санын азайту үшін Мәдениет және спорт министрлігі де түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мысалы, соңғы 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырды.

 

“Министрдің тапсырмасы бойынша осы бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады. Бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Сондай-ақ, біз ойын бизнесінің жарнамасымен күресу үшін заңнамалық деңгейде түзетулерге бастамашы боламыз”,– деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу