Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухының» мыңнан астам белсендісі «Менің Елім – менің Туым» акциясын бастады.
Олар ел бойынша 10 мың ту ілмек. Дәстүрлі акция осымен үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Мемлекеттік туды насихаттауға бағытталған шараға барлық қазақстандық қатыса алады.Осылайша, 19 қазаннан бастап Қостанай облысында да осы акция өз бастауын алды. Тулар жергілікті үй кешендері мен танымал қайраткерлердің үйлерінде ілінді. Әр қостанайлық осы акция қатысушысы бола алады. Республика күніне орай өткізіліп жатқан акция барша азаматтардың патриоттық сезімін нығайтуға бағытталған.