Қазақстанда шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары аяқталды

Қазақстанда шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары аяқталды

Барлық өңірде шегірткеге қарсы өңдеу аяқталды – жұмыс қорытындысы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі орталық штаб отырысында шығарылды.

Өңделген алқаптардың жалпы көлемі 3,1 млн гектарды құрады, бұл биыл болжанған 2,5 млн гектар көрсеткіштен 23%-ға жоғары.

Болжамды көлемнің іс жүзінде асып кетуі жаңа таралу ошағы анықталған жерлерді қайта өңдеуге байланысты қалыптасты.

Тұрақты мониторинг, дрондармен қоса техниканы зиянкестердің белсенді таралу орындарына жедел көшіру, орталық үкіметтік және өңірлік деңгейлердегі жағдайды қолмен басқару және бақылау, шекара маңы мемлекеттерінің аграрлық ведомстволарымен тығыз өзара іс-қимыл өз нәтижесін берді – биыл фермерлердің егістіктері шегірткеден зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтармен бөлісу