Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болғанын хабарлайды.
Сонымен қатар, Жолдауда Қазақстан Республикасының Президенті референдум өткізу мерзімдері кейінірек белгіленетінін атап өтті. Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен регламенттелген.
Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін _________ Қостанай облысының әкімдігі жария талқылаулар өткізуді жоспарлап отыр.
Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын қоя алады.
Жария талқылау өткізілетін орны: Қостанай қаласы, «Қоғамдық келісім» КММ ғимараты, Алтынсарин к-сі, 115 үй, 1 қабат.
Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2023 жылғы 23 қазан сағат 10:00.