Синоптиктер Қазақстанда 6-8 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
“6-7 маусымда солтүстікте күндіз өте қатты ыстық болады. 6 маусымда орталықта, республиканың шығысында 41 градус, 8 маусымда оңтүстік-шығыста 41 градусқа дейін, еліміздің оңтүстігінде 46 градусқа дейін ыстық сақталады. 8 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ыстық 22-30 градусқа дейін төмендейді”, – делінген хабарламада.