Париждегі Олимпиада ойындары аяқталды. Олимпиадада медальға ие болғандар Халықаралық олимпиада комитеті тарапынан сыйақы алмаса да өздері намысын қорғаған елдің атынан ақшалай сыйлыққа ие болады.
Гонконг тізімде көш бастайды, бұл ел алтын медаль алғандарға 768 мың доллар береді. Бұл, шамамен 366 миллион теңгеден асады. Сингапур да бұдан қалыс қалмайды. 745 мың доллар береді. Индонезия Олимпиадада бірінші болғандарға 300 мың доллар, Израиль 271 мың доллар береді. Қазақстан бестікті аяқтайды. Еліміз биыл да Олимпиада чемпиондарына 250 мың доллар береді.