Қазақстан өндірілген дәрілерді дүниежүзілік сауда ұйымы елдеріне экспорттай алады

Қазақстан өндірілген дәрілерді дүниежүзілік сауда ұйымы елдеріне экспорттай алады

Мәжіліс зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.
Түзетулер басқа елге экспорттау кезінде патентпен қорғалған дәрілік заттарды өндіруге міндетті лицензияларды беру шарттарын нақтылайды. Бұған дейін оларды тек ішкі нарыққа шығаруға рұқсат етілген.

Енді Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше кез келген мемлекет міндетті лицензия бойынша өндірілген өнімді экспорттай алады. Бірақ мұндай дәрі-дәрмек өндірісі коммерциялық мақсатта емес, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында жүргізілуі керек.

Хаттаманы 2005 жылғы 6 желтоқсанда Женевада ДСҰ мүшелерінің үштен екісі қабылдап, 2017 жылғы 23 қаңтарда күшіне енді. Қазіргі уақытта оны 164 мемлекеттің 111-і, соның ішінде Австралия, Қытай, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Жапония және басқа да елдер ратификациялады. Қалған елдер мұны 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін орындауы керек.

Жаңалықтармен бөлісу