Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев пен Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Құдратов көлік саласындағы бірлескен жобаларды талқылады.
Кездесуде автокөлік тасымалдарын одан әрі дамыту және елдер арасындағы жүк тасымалдау көлемін ұлғайту мүмкіндіктері талқыланды. Министрлер жүктер мен жолаушылар транзитін жеңілдету үшін рәсімдерді жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаласты.