25 мая, 2025
Қазақстан футболында жаңа турнир басталады

Қазақстан футболында жаңа турнир басталады

Кәсіпқой футбол лигасының атауы ауыстырылды. Бұл өзгеріс Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жаңа брендінің таныстырылымы мен жаңа маусымының тұсаукесерінде белгілі болды.

Футбол саласындағы мамандар мен БАҚ өкілдеріне Лиганың жаңа атауы – QFL (Qazaqstan Football League), жаңартылған логотип және «Футболмен бірге»  ұраны таныстырылды.
Ел футболындағы тағы бір жаңалық –  енді Қазақстан кубогынан бөлек, QFL кубогы деген турнир қосылады.