Қазақстан әуежайларында электрон құжаттарға қатысты жаңа ережелер белгіленді

Қазақстан әуежайларында электрон құжаттарға қатысты жаңа ережелер белгіленді

Көлік министрлігі Қазақстан әуежайларында цифрлық төлқұжаттар мен жеке куәліктерді ресми құжат ретінде белгілейтін бұйрық жобасын дайындады, – деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Қағидалар нормасын “Ақпараттандыру туралы” Заңның 1-бабы 55-4-тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында министрлік “жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне баратын адамдарды, олардың жанындағы заттарды, оның ішінде қол жүгі мен багажды тексеріп қарауды жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы” бұйрыққа толықтыру енгізуді жоспарлап отыр.

9-тармақтың 1-тармақшасында цифрлық құжаттар туралы ескертпе болады: “№ 1 Тексеру қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе жолаушылар мен келушілердің цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (қауіптің жоғары (“қызғылт сары”) және сыни (“қызыл”) деңгейі жарияланған кезде) тексереді”, – құжат жобасында жазылған.

Сурет: “ҚазАқпарат” коллаж

Жаңалықтармен бөлісу