Қазақ театрында көрермен неге аз?

Қазақ театрында көрермен неге аз?

Облыстың мәдениет саласында театр өнерін дамытуға баса назар ауадырылып келеді. 4 театр сахнасында 110 мыңнан астам көрермен 1005 спектакль көрсетіліпті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Театр өнерін насихаттау үшін өзге өңірлерге гастрольдік сапарлар да ұйымдастырылып тұрады. Ұжымдардың қол жеткізген жетістіктері де аз емес.

“Республикалық және халықаралық театр фестивальдерінде қатысып жүрміз. Бұл біз үшін жетістік. Биыл облыстық театр әртістерінің шеберлігі «Үздік актриса» және «Екінші жоспардағы үздік ер адам рөлі» номинацияларын алғандар бар. Облыстық қуыршақ театрының жанынан мемлекеттік тілде спектакльдер қою үшін труппа ашылды. Қаңтар айында Алматы қаласы Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің жас актерлері келді. Енді мемлекеттік тілде спектакль қою жанданатын болады”, – деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов алқалы жиында.

Басқосуға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали облыстық қазақ театрының дұрыс жұмыс істемей отырғанын сынға алды.

 

«Қазақ театрының екі бірдей залы бар. Соның кішкене залында неге балаларға арналған қойылымдар ұйымдастырылмайды? Өзім көрермен ретінде бірнеше рет болдым. Адам саны қырық пайызға да жетпейді. Орыс театры бір айда миллион теңгеге жуық табыс табады. Ал сіздер өткен айда  196 мың теңге ғана табыс тапқансыздар. Оның жанында қуыршақ театрының айлық табысы 700 мыңнан асады. Салыстырмалы түрде саралап көріңіздер. Осы жерде айта кетейін, жуырда осы қуыршақ театрында қазақ труппасы ашылды. Осыны ашу үшін Алматының цирк академиясының түлектерін алдырдық. Енді неге қызығын көрмей отырмыз?», – деді әкімнің орынбасары.

Облыста төрт театр бар. Былтыр прьемералардың репертуарын елу пайызға ұлғайту тапсырылған. Олардың дені қабылдауға ұғынықты, өмірдің өзінен алынған тақырыптар болуы тиісті. Бұл көрерменді  тартып, ақша түсіруге септігін тигізеді.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу