Су басу қаупі бар елді мекендердің тұрғындары уақытша қоныс аударуы тиіс. Облыс әкімдігінде өткен аппарат жиында облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудан және қала басшыларына осындай тапсырма берді.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Азамат Орымбаевтың айтуынша, су тасқынының өтуіне, сондай-ақ наурыз айының бірінші және екінші онкүндігіндегі ауа райы жағдайлары мен жауын-шашынның көп түсуіне жасалған ұзақ мерзімді талдау нәтижелері бойынша, Қостанай облысында наурыз айының соңы, сәуір айының басында жағдай нашарлауы ықтимал.
«Атап айтқанда, Науырзым, Қарасу, Әулиекөл, Қамысты, Жітіқара және Сарыкөл өңірлерінде жағдай нашарламақ. Аудан әкімдіктеріне бірқатар профилактикалық іс-шараларды жүргізу тапсырылды. Қазіргі уақытта оңтүстік өңірдегі жағдай тұрақты. Арқалық қаласы, Аманкелді және Жанкелдин аудандарындағы су тасқыны аяқталуда. Бұл ретте Ұлытау тау бөктерінде бастаулары бар өзендерді толтыру процесі әлі де жалғасуда. Осыған байланысты өзендер бойында орналасқан елді мекендер мен қыстақтарға қауіп-қатер қайта туындауы мүмкін», – дейді Азамат Орымбаев.
Су тасқынына 214 тонна жанар-жағармай, 12 мың тонна инертті материалдар және 50 мыңнан астам қап дайындалған. Сондай-ақ басқарма ауыл тұрғындарының үйлеріне үлкен су келген жағдайда зардап шеккен тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы жүзден астам келісімге қол қойды.
Өңір басшысы су тасқыны бойынша болжамды деректер негізінде қалалар мен аудандардың әкімдеріне ағымдағы жағдайды ерекше бақылауда ұстауды және төтеннен орын алған төтенше жағдайға жедел ден қоюды тапсырды.
-Ауыр науқас азаматтарды, жүкті әйелдер мен мүгедектерді су тасқыны кезеңінде қатынассыз қалуы мүмкін елді мекендерден алдын ала тасу жұмыстарын ұйымдастыру керек. Өткен жылдардағы қыс мезгілімен салыстырғанда биыл қар көп жауды. Біз өте жоғары температураны болады деп болжануда, мұның бәрі үлкен алаңдаушылық тудырады. Жағдайды бақылауда ұстау керек. Су тасқынына қарсы шараларды алдын ала жүргізу қажет екенін атап өтемін. Азаматтарымыздың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігінің алдын алу және сақтау жөніндегі шаралар дер кезінде қабылдану қажет, – дейді облыс әкімі.
Қостанай облысында су басу қаупі бар бірқатар елді мекендер бар. Әулиекөл ауданында – Диев және Көктал, Жітіқара ауданында – Жітіқара және Забеловка, Қамысты ауданында – Пушкино, Қарасу ауданында – Карамырза, Железнодорожное, Октябрь, Восток, Наурызым ауданында – Буревестник, Сарыкөл ауданында – Сарыкөл және Севастополь ауылдары
«Наурыз айынан бастап азаматтық қорғаудың облыстық аумақтық жүйесі күшейтілген тәртіпке көшті. 14 наурыздан бастап су тасқынына қарсы облыстық жедел штаб жұмылдырылды. Облыста су тасқыны жағдайының шиеленісуі жағдайында жалпы саны 3 мыңға жуық адамды, 1078 бірлік техниканы, 108 бірлікті су көлігін, 267 бірлік моторды қамтитын азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдарының тобы құрылды. Сонымен қатар, Қостанай қаласында су тасқыны кезеңіндегі ТЖ жою жөніндегі міндеттерді жедел шешу үшін 2 жедел топ құрылып, сақадай-сай. Олар Жанкелдин ауданына барған кезде өзінің тиімділігін көрсетті», – деп қосты А.Орымбаев.
Қазіргі уақытта мамандар гидрологиялық бекет жоқ өзендерде су деңгейінің көтерілуіне бақылау жасап, дрондар мен спутниктер арқылы мониторинг жүргізілуде. Жақын арада айналма арналарды ұйымдастыру басталады. Республикалық және жергілікті автожолдардағы су өткізу құбырлары мен басқа да гидрологиялық құрылыстар кептелістер мен қоқыстардан 100% тазартылды.
Сарапшылардың айтуынша, судың көтерілуі көбінесе түнде байқалады.
Қазіргі уақытта су тасқыны мен қар суының толып кету салдарынан облыста бірнеше облыстық маңызы бар жолдар жабылды.
Бұл мәселе басқарма мен облыс басшылығының ерекше бақылауында.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ