Қатты жаңбыр және 42 градус ыстық: алдағы 3 күнде ауа райы қалай болады?

Қатты жаңбыр және 42 градус ыстық: алдағы 3 күнде ауа райы қалай болады?

Синоптиктер 18-20 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, олармен найзағай, бұршақ және екпінді жел жауады, қатты жаңбыр 18-19 шілдеде батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-шығысында күтіледі.

“Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклон сілемінің ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. 18-19 шілде күндері түстен кейін республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус қатты ыстық болады деп күтілуде”, – делінген хабарламада.

Жаңалықтармен бөлісу