Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды.
Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Черногорияны Балқан түбегіндегі маңызды серіктесі санайтынын атап өтті.

Алматы мен Подгорица арасында тікелей әуе рейсінің ашылуы, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына визасыз режим енгізілуі қос халықты жақындата түсті.
Еуропалық Кеңес Президентімен келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес басшысы Антониу Коштаға ілтипат білдіріп, Қазақстан Ұйыммен екіжақты негізде, сондай-ақ C5+ форматы аясында серіктестікті арттыруды берік ұстанатынын жеткізді.

Кездесуде өзара тиімді өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды жалғастыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.
Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы балалар футболын дамытуға және заманауи инфрақұрылымға бағытталған FIFA Arena бағдарламасы үшін Федерацияға ризашылық білдірді.

Өз кезегінде Джанни Инфантино футболға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, ұлттық футболды дамытуға арналған бірлескен жобаларға дайын екенін жеткізді.
