Қаржылық мониторинг агенттігі су басқан аудандарда мониторинг жүргізеді 

Қаржылық мониторинг агенттігі су басқан аудандарда мониторинг жүргізеді 

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеретін болады. Су басқан өңірлердегі азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да тауарлар бағасына мониторинг жүргізіледі.

Мұндай тапсырманы ҚМА Төрағасы Дмитрий Малахов берді. Ол бөлінген ақшаның қайда кеткенін сапалы тексеру мен бағалауды қамтамасыз ету қажеттігін айтып өтті.

«Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет», – деп тапсырды Дмитрий Малахов.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

ҚМА басшысы орын алған су тасқыны салдарды жою үшін бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану мен көмек зардап шеккен барлық азаматтарға нақты жетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Агенттік сонымен қатар құрылыс материалдарының бағасымен алыпсатарлық тәуекелдерін алдын алу қызметін де жандандырады. Анықталған фактілермен күрес аналитикалық құралдарды пайдалана отырып жүргізілетін болады.

Қорыта келгенде, Агенттік Төрағасы бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмысты жандандыруды және ықтимал манипуляцияларды болдырмау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

ҚМА өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражат жымқыру немесе басқа экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы «АФМ Insider» телеграм боты (https://t.me/afm_rk/2315) арқылы хабарлау мүмкіндігін кезекті рет еске салады.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Жаңалықтармен бөлісу