Қаржылық мониторинг агенттігі ескерту жариялады

Қаржылық мониторинг агенттігі ескерту жариялады

Қаржылық мониторинг агенттігі телефон арқылы жасалған алаяқтық фактілері туралы хабарлайды. Алаяқтар телефон қоңыраулары немесе хабарлама жіберу арқылы өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін.

Сұхбат барысында Қазақстан резиденттерінің қаражатын банктік шоттардан қылмыстық жолмен алудың әртүрлі схемаларын сылтау етіп, алаяқтықтың ықтимал белгілеріне және ҚМА тарапынан қойылған шектеулерге байланысты банктердегі шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы хабардар етеді.

Әрі қарай, алаяқтар банктік шоттардың реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді ұсынуды сұрайды.

Әңгімелесу барысында жәбірленушіге Агенттік атынан жалған құжаттар жіберіледі, онда мемлекеттік органның қолы, атауы, мөрі мен реквизиттері орналастырылады.Бұл ретте, қоңырау шалушылар өз әрекеттері жайлы ешкімге хабарламауыңызға кеңес береді.

Қаржылық мониторинг агенттігі жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысулар/операциялар жүргізбейтінін және жеке тұлғалармен байланыс орнатуға бағытталған қызметті жүзеге асырмайтынын ресми түрде мәлімдейді. Егер сіз алаяқтық схемаларға тап болсаңыз, сондай-ақ ұялы телефоныңыз бен ондағы деректердің ұрлануын болдырмау үшін ҚМА мұндай хабарламаларды елемеуді және құқық қорғау органдарына немесе Агенттіктің Call-орталығына (1458) хабарласуды сұраймыз.

@afm_rk

Жаңалықтармен бөлісу