Қарымды қаламгерге ізбасарларынан ілтипат

Қарымды қаламгерге ізбасарларынан ілтипат

Бүгін “Мерекелік сый-тарту” акциясы аясында “Қостанай таңы” газетінің тағы бір ардагер журналисі Жақсылық Жүнісұлына марапат табыс етілді. Редакция басшылығының сәлемдемесін Арқалықта тұратын зейнеткерге сол қаладағы меншікті тілшіміз Мұрат Жүнісұлы жеткізді.

Жақсылық ағамыз облыс баспасөзінің қарашаңырағында 45 жыл қызмет атқарған қаламы ұшқыр журналист. Қаламгер 1968 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Өресі биік, ойы терең, шебер жазушыны кейінгі буын тілші-журналистер қадір тұтады. Оның ” Сыр-сандық”, “Дала дарабоздары”, “Жылдар жаңғырығы”, “Табиғатпен егізбін”, “Қарымы бөлек қаламгер: толғамдар, пікірлер, арнау өлеңдер, қағытпалар”, “Топжарғандар туралы толғау: сұхбат, ой-толғамдар, мақалалар” атты еңбектері бар. Құрметті қаламгерге мейрам қарсаңында жүрекжарды жылы лебіздер айтылып, сый-сияпат табыс етілді.

Жаңалықтармен бөлісу