Қариялар да сайлауға бейжай қарамайды

Қариялар да сайлауға бейжай қарамайды

Бүгінгі сайлаудың елдегі ең елеулі оқиға екенін, бұның мемлекет болашағын айқындайтын маңызды таңдау екенін қарияларымыз да мойындап отыр. Олар да саяси науқанға асқан белсенділікпен қатысып жатыр. Ертемен өз учаскелеріне барған егде жастағы кісілердің бірі – Рудный қаласында тұратын Құттымұрат және Маржан Жалғасбаевтар.

“Кемпіріміз екеуіміз әдеттегіше дауыс беруге келдік. Қалаулыларымызға таңдау жасадық. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға атсалысатын, ел үшін қызмет қылатын азаматтар болар деген ниетпен, зор үмітпен қарап отырмыз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Одан артық тілегіміз жоқ”, – дейді қариялар.

Бұл отбасының Рудныйда тұрып жатқанына 22 жыл болған. Атажұртқа көршілес Өзбекстан мемлекетінен көшіп келген. Бүгінде өрістеп-өркендеп жатқан, тамырын терең жайған әулетке айналып отыр. Олар сйалаудың ешбірін қалдырып көрмеген, үнемі үн қосып, таңдауларын жасап келеді.

Жаңалықтармен бөлісу