Бүгін Қойбағар көлінде іздестіру тобы балық аулауға шыққаннан кейін жоғалған 67 жастағы ер адамды тауып алды.
15 ақпанда ол жеке автокөлігімен балық аулау үшін көлге шығып, байланысқа шықпай қалған. Алаңдаған туыстары құтқарушылардан көмек сұрап, мамандар іздестіру шараларын ұйымдастырды. Табылған ер адам медициналық көмекке мұқтаж болмаған.