Қарасуда «Имани жаз – 2026» курсы басталды

Қарасуда «Имани жаз – 2026» курсы басталды

Қарасу аудандық «Көшкінбай Байғабылұлы мешітінде» балалар мен жасөспірімдерге арналған «Имани жаз – 2026» атты сауат ашу курсы өз жұмысын басталды.

Аталмыш курс еліміздің мешіттерінде жүзеге асырылып жатқан рухани-танымдық жоба аясында ұйымдастырылуда. Оған қатысушы шәкірттерге Құран әліппесі, имандылық негіздері, көркем мінез бен әдеп қағидалары үйретіледі. Сонымен қатар халқымыздың ұлттық құндылықтары мен дәстүр сабақтастығын дәріптейтін тәрбиелік сағаттар өтеді.

-Жазғы демалысты пайдалы өткізуді мақсат еткен бұл курс шәкірттердің рухани дамуына, діни сауатының артуына және адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруіне мүмкіндік береді. Пайдалы білім алу, көркем мінез қалыптастыру, ілім жолында берекелі еңбек ету барша адамзат баласына тән ортақ қасиет,-деп хабарлады аудандық мешіттің имамы Ринат Истайұлы.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Қарасу ауданы