Облыс әкімінің өкімімен, Қарасу аудандық мәслихатының келісімі бойынша, Қайрат Темірханұлы Оспанов Қарасу ауданының әкімі болып тағайындалды.
Қайрат Темірханұлы 1978 жылы Қостанай облысы Б.Майлин атындағы ауданда дүниеге келген. А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін Құқықтану, Қаржы бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. Ссондай-ақ Халықаралық бизнес университетін іскерлік әкімшілендіру мамандығы бойынша (магистр) бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы қазіргі Б.Майлин атындағы ауданның “Қайранкөл” кәсіпорнында заң кеңесшісі болып бастаған.
1999 жылдың желтоқсанынан 2003 жылдың наурызына дейін қазіргі Б.Майлин атындағы аудан мен Қостанай қаласының әртүрлі кәсіпорындарында заң кеңесшісі болып қызмет етті. Бұдан соңҚостанай облыстық Адвокаттар алқасының адвокаты лауазымында болды.
2013-2016 жылдар аралығында Қостанай облысы әкімі аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы болып жұмыс істеді.
2016-2020 жылдар аралығында “Алматы қаласын дамыту орталығы” АҚ, “Заңгер Консалтинг” ЖШС және “Тобыл” ӘКК-де басшылық қызметтерін атқарды.
2020 жылдың тамызынан 2022 жылдың ақпанына дейін Қостанай облысы әкімдігінің Жерді пайдалану және қорғауды бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2022 жылдың ақпан айынан бастап, осы уақытқа дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қостанай облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.