Қарамеңді ауылында ет бағытындағы ірі қара мал өсіру шаруашылығы ашылады beta.egov.kz

Қарамеңді ауылында ет бағытындағы ірі қара мал өсіру шаруашылығы ашылады

Бұл туралы Науырзым ауданының әкімі Мәди Ихтиляпов тілшімізге берген сұқбатында айтып берді. Жобаның бастамашысы – «Сырымжан» ШҚ. Оған 85 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалмақ.

“Жобаның қуаты – 250 бас ірі қараны құрайды. Мұнда екі жұмыс орны құрылуы мүмкін. Қазір 100 басқа дейінгі мал басын сатып алу жоспарлануда. 5,3 мың га жайылымдық жер учаскесі берілді. Жобаның мақсаты – Қостанай облысының және оған іргелес өңірлердің ішкі нарығында экологиялық таза жылқы етін сату. Жайылымдық және шабындық жерлері де дайын тұр. Келер жылдың  қазан айында толық іске қосылады”, – деп атап өтті әкім тілшімізге берген сұқбатында.

Қарамеңді ауылында 200 бас жылқыға арналған мал шаруашылығы базасы да салынбақ. Жобаның бастамашысы – «Кенесары-2012» ЖШС. Оның құны 150млн теңге деп бағаланып отыр.

“Бұл кәсіпорын да жаңа жұмыс орындарын ашады. Жоба 2023 жылы басталған. Ауданы 2,8 мың га жер учаскесі бөлінді, трактор, шөп шапқыш, орама пресс-жинағыш сатып алынған. 2025 жылдың қараша айында толық қуатымен іске қосылуы керек. Сондықтан, жұмыс істеймін, кәсіп ашамын деген азаматтар болса, бәріне жол ашық. Тек істей білсе, жұмысын ілгерілете алса болғаны”. – дейді әкім.

Жаңалықтармен бөлісу