Қамыстылықтар бауырсақ пісіруден рекорд орнатты

Қамыстылықтар бауырсақ пісіруден рекорд орнатты

Қамысты ауданына КИнЭС-тің ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов  әлем  рекордын бекіту үшін арнайы келді.  Қамыстылықтардың пісірген бауырсағы екі тоннадан асады.

Қамысты селосының орталық алаңына үш киіз үй, бес үлкен шатыр орнатылған. Жан-жағына бауырсақ пісіретін көптеген пеш қойылған, сансыз отын кесілген.

«Таңертең алаңда дайындық жұмыстары жүргізілді. Түске қарай аудан тұрғындары алғашқы бауырсақтарды дайындауға кірісті. Бауырсақfest қатысушылары біртұтас механизм ретінде бірлесіп әрекет етті»,  – дейді ұйымдастырушылар.  

Кейбіреулері қамырды жайып, басқалары турап, оны қазанға салды, ал соңғылары оларды мұқият санап шықты.

Осы жерде айта кетейік, бірінші күннің ішінде  қамыстылықтар бір тоннаға жуық бауырсақ  дайындап үлгерген. Толығырақ газеттен оқи аласыздар.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Қамысты ауданы

Жаңалықтармен бөлісу