Қамыстыдан шыққан белгілі ғалым жастарды туған жерге келіп еңбек етуге шақырды

Қамыстыдан шыққан белгілі ғалым жастарды туған жерге келіп еңбек етуге шақырды

Бүгін Тобыл төрінде алғаш рет қамыстылықтардың басын біріктірген ауқымды форум өтті.
Іс-шара басталмай барғанымызда бұрын осы жерде еңбек жолын бастап, кейін еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүрген ел азаматтары бірін-бірі көріп, қауқылдасып жатыр.

Олардың ішінде белгілі дәрігер Қуаныш Ақбаев, Қазақстанның еңбек Ері Борис Князев, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қадырғали Жаманбалин, танымал журналист Гүлжібек Бекмұхамедова және басқа тұлғалар бар.

«Осындай іс-шара болады деп хабарласқанда қуанып қалдым. Бүгін, міне, бұрын өзіммен бірге қызметтес болған өзімнен кейінгі інілерімді, замандастарымды көріп қуанып отырмын. Қамысты жері киелі. Мен сонау 1986 жылдан бастап сол өңірде жемісті еңбек еттім. Бұл үрдіс дәстүрге айналып, кейінгі жастарға үлгі болса екен», – дейді ел ағасы Бағытұр Дәндібаев.

Қамыстылықтардың басын қосқан форум соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Форум аясында аудандық мансап орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі де өтті. Іс-шара жоғары оқу орындарының ректорларымен меморандумдарға қол қою рәсімімен аяқталды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді түсірген Дина Нұғманова

Жаңалықтармен бөлісу