Қамысты ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Қамысты ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасының Конституциясы 87-бабының 4-тармағына сәйкес  Қамысты ауданы мәслихаты депутаттарының келісімімен Қамысты ауданы әкімінің лауазымына Ерлан Әлімбайұлы Жаулыбаев тағайындалды.
Ерлан Әлімбайұлы Жаулыбаев 1978 жылы туған.  Қостанай облысының тумасы, қазақ, білімі жоғары. 2001 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша, 2017 жылы Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылдың маусымынан Қостанай бизнес және басқару колледжі қабылдау комиссиясының хатшысы, аға зертханашысы, директордың орынбасары болып бастады.
2004 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың шілдесін қоса алғанға дейін Қостанай облысы әкімінің аппаратында және Астана қаласы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2012 жылғы шілдеден 2015 жылғы қазанды қоса алғанға дейін – Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
2016 жылдың маусымынан 2018 жылдың сәуірін қоса алғанға дейін Ақтөбе облысы әкімінің аппаратында басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.
2018 жылғы мамырдан 2021 жылғы желтоқсанды қоса алғанға дейін – Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары.
2021 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы тамызды қоса алғанға дейін – Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарған.

Жаңалықтармен бөлісу