Қазір су тасқынының құрсауында қалған көптеген елді мекенмен байланыс ұстаудың мүмкін болмай кеткені туралы шағымдар әлеуметтік желілерде көп тарап кетті. Осы жағдайға байланысты тиісті органдар мәлімет берді.
Ұялы байланыс операторы Қостанай облысының оңтүстік өңірлерінің тұрғындарын қолдауға барынша мүмкіндік жасап жатыр. Қостанай облысының әкімдігі қалыптасқан жағдайға байланысты ұялы байланыс операторларына жүгінді. Beeline ұялы байланыс операторы су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы отандастарына жауап берді және қолдау білдіріп отыр.
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланған оңтүстік өңірдің елді мекендерінің тұрғындарына тегін қызметтерді есептеу басталды.
Төтенше жағдайға байланысты Beeline барлық клиенттерге, яғни Арқалық қаласы, Аманкелді және Жанкелдин аудандарының тұрғындарына ҚР аумағында желі қабылдайтын барлық нөмірлерге 50 минут және 50 SMS және 7 күнге 10 Гб интернет-трафик теңгерімі сыйланады. Абоненттерге бұл туралы SMS арқылы хабарланады. Есептеуді “Менің Beeline” қосымшасында немесе *106# пәрмені бойынша тексеруге болады.
Сондай-ақ оператор өз клиенттеріне қажет болған жағдайда тегін қызметтерді есептеуді жалғастырады деген келісімге қол жеткізілді.