31 мая, 2025
Қаланы жарықтандыру жұмыстары қараша айында аяқталады

Қаланы жарықтандыру жұмыстары қараша айында аяқталады

Бүгінде Қостанай  қаланың 31 көшесінде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Марат Жүндібаев ресми парақшасында жариялады.

Жалпы, жұмыстар 75% орындалды және қараша айының соңына дейін аяқталады.

«Нәтижесінде 2 035-тен астам ескі темірбетон тіректерін металлға, 5 141 бірлік ескі шамдарды күңгірттеу функциясы бар жаңаларына ауыстыру жүргізілуде, бұл жарықтандырудың жарықтығын 2 есе арттыруға, сондай-ақ шамдардың жанып кетуін қашықтан анықтауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті әкім.

Сонымен қатар, шамамен 90 км ескі кабель ауыстырылуда, бұл жарықтың үзіліссіз жарықтандыруға мүмкіндік береді.