29 мая, 2025
Қала күні басталды

Қала күні басталды

Қазір қала орталығында ретро-дискотека өтіп жатыр. Онда өткен уақыттағы танымал болған әндер шырқалуда.

Орталыққа жиналған халықтың қарасы қалың.

Жуырда Алматыға барып қыдырып келген  Аяжан Шнет туған қаласында күтпеген сыйға тап болғанына қуанышты.

«Орталықтағы концерт жоғарғы деңгейде өтуде. Маған ерекше ұнап жатыр. Қаланың әсем әнге бөленгені мен үшін күтпеген оқиға болды», — дейді Аяжан.

 

Бейбіт МЕЙРАМҰЛЫ.