Қала әкімдігінің мерекелік тартуы

Қала әкімдігінің мерекелік тартуы

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев халықаралық Әйелдер мерекесіне орай қыз-келіншектерді құттықтады. Мерекелік шара қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Мирас» мәдениет үйінде өтті.

blankХалықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әйел — ана. Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді. Әйел — әлемнің көркі, сұлулықтың белгісі. Сіздер әр түрлі салада қызмет істеп, қаламыздың дамуына үлес қосып келесіздер. Барша ғаламның сәні де, мәні де сіздер. Сол үшін қыз-келіншектерді сыйлау, құрметтеу басты парызымыз. Әрқашан жайнап, жадырап жүре беріңіздер. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, — дейді М. Жүндібаев.blankblankШаһар басшысының құттықтау сөзінен кейін іс-шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Түрлі сала бойынша қызмет істеп жүрген билік өкілдері аруларға арнап ән салды. Өз өнерлерін көрсетіп, жұртшылықты таң-тамаша етті. Оның ішінде қалалық әкімдіктен бастап, ішкі істер саласының өкілдері, өзге де сала қызметкерлері бар. Қыз-келіншектерге арналып жыр оқылды. Сонымен қатар, белгілі сиқыршы Төрехан Жұманов та өнерін көрсетті. Көрермен өнерпаздарға тәнті болып, риза көңілмен қол соқты.blankblankblankblankblankblankblankКонцерт соңында қала әкімі әйелдер қауымына арнап ән шырқап берді.

Бибіт НҰРМҰХАНОВ,

Суреттерді түсірген автор