Қайраткердің қазасына көңіл айтамыз

Қайраткердің қазасына көңіл айтамыз

Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлының өмірден озғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Ол өз өмірін еліне қызмет етуге арнаған көрнекті мемлекет қайраткері еді.

Жеңіс Мирасұлы Қостанай облысы мен жалпы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосты. Агрономдықтан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты дәрежесіне дейінгі өмір жолы адал еңбек пен халқына деген қамқорлықтың айқын үлгісі болды.

Ауыл шаруашылығын дамыту мен өңірлерді қолдаудағы еңбегі әріптестері мен жерлестері тарапынан жоғары бағаланды. Жеңіс Мирасұлы өзінің өмір жолында әділдік пен кәсібилікті басты орынға қойды.

Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Оның жарқын бейнесі мен игі істері болашақ ұрпаққа үлгі болары анық.

Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

Ақсақалов Қ.И., Ещанов С.Е., Әбенов А.Т., Мұхаметқали Р.З., Мұсағазина Г.Г., Таңжарықов Б.К., Сандыбаев М.М., Жүндібаев М.Қ., Карплюк С.А., Аққожина Б.Б., Смышляева Е.В., Валиев Х.Х., Жалыбин С.М., Аронова И.П., Бектұрғанов С.Ч., Князев Б.П., Бұқанов С.Б., Тұрсынов А.Ж.

Жаңалықтармен бөлісу