Қайрат Маишев: «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары АӨК дамытуға жаңа серпін береді»

Қайрат Маишев: «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары АӨК дамытуға жаңа серпін береді»

«Жас Қанат 2006» және «Poultry-Agro» компанияларының бас директоры, Қазақстан жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті, Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің өкілі Қайрат Маишев Мәжілістегі мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мен экспорттауды дамыту мәселелері жөніндегі үкімет сағатына қатысты.

Онда  ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров саланы мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын жариялады.

Қайрат Маишев ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудағы алға қойылған мақсаттар құс шаруашылығына қалай әсер ететініне түсінік берді.

www.gov.kz

– Қазақстанда осы өнім нарығында толыққанды бәсекелестік орта құрылды деп есептеймін. Жұмыс істеп тұрған 34 кәсіпорын жұмыртқа және сол мөлшерде ет өндірісіне маманданған. Олар iс жүзiнде iшкi қажеттiлiктердi өтейді. Алайда, одан әрі дамыту жолында мұндай тәсілді іске асыру үшін инвестициялық субсидиялау бағдарламасын кеңейту және ауыл шаруашылығы үшін жұмсақ несиелерді қарастыру қажет. Бұл АӨК-нің экспорттық әлеуетін айтарлықтай арттырады, – деді Қайрат Маишев.

Сондай-ақ, үкіметтік сағат барысында отандық ауыл шаруашылығы тауар өнімдерін қолдаудың кешенді моделі болуы тиіс екендігі атап өтілді. Бұл туралы Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының АӨК мәселелері жөніндегі салалық кеңес алаңында да бірнеше рет айтылды.

Мысалы, құс шаруашылығы «Жасыл экономика»,  қалдықсыз өндіріс моделі бойынша жұмыс істей алады. Қайта өңделген өнімді шығару құны жоғары өнімді экспорттауды ынталандырады. Қайта өңделген өнім спектрі қарапайым жұмыртқа ұнтағынан бастап, тамақ өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи тағамдық консерванттарға дейін кең қолданыста. Қайта өңделген өнімді сақтау мерзімі бір жылға жетуі мүмкін. Алайда оны тасымалдауға жағдай жасалу қажет. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары елдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтармен бөлісу