Прокурорлар мемлекет мүддесін қорғады

Прокурорлар мемлекет мүддесін қорғады

Қостанай қаласының прокуратурасы мемлекет мүддесін қорғау мақсатында құны 3,3 миллион теңгені құрайтын көлік құралын тәркілеу шараларын қабылдады.

Талдау барысында сотталған адамның сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін өзіне меншік құқығымен тиесілі көлікті үшінші тұлғаға сатқаны анықталды.

Прокурорлық ден қою актісі бойынша сот мәмілені жарамсыз деп танып, сатып алу-сату шартының күшін жойды.

Шешім заңды күшіне енгеннен кейін көлік мемлекет кірісіне тәркіленеді.

Қостанай облысының прокуратурасы

Жаңалықтармен бөлісу