Прокурордың бірінші орынбасары колледж студенттерімен кездесу өткізді

Прокурордың бірінші орынбасары колледж студенттерімен кездесу өткізді

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Бауыржан Бекбосыновтың автомобиль колледжінің студенттерімен кездесуі жас ұрпақты заң мен тәртіпті құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталды.

Прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдегендей, Өңірдегі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жағдайы талқыланды. Жасөспірімдер қылмысы 42,6%-ға (54-тен 31-ге дейін) төмендегенімен, колледж студенттері арасында құқық бұзушылық саны азаймай отыр. Анықталған 31 құқық бұзушының 24-і колледж студенттері арқылы жасалатыны атап өтілді.

“Өңір бойынша Қостанай қаласы жасөспірімдер құқық бұзушылығының саны жағынан көш бастап тұр. Мұнда тіркелген 24 құқық бұзушылықтың 15-і немесе 62,5%-ы орын алған. 31 құқық бұзушының 24-і колледж студенттері арқылы жасалған”, – деді Бауыржан Бекбосынов.

Студенттерге прокуратура органдарының негізгі міндеттері, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өңірде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі үйлестіру жұмыстары туралы ақпарат берілді.

“Кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыру маңызды. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған жаңа заңнамалық актілер қарастырлған”, – деді прокурордың бірінші орынбасары.

Облысының прокуратурасы жастарды «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес тәрбиелеу жұмыстарын осылайша жалғастыра бермек.

Аружан Берікқызы

ҚӨУ студенті

 

Жаңалықтармен бөлісу