24 мая, 2025
Президенттің жасыл бастамасы — келешекке  аманат

Президенттің жасыл бастамасы — келешекке  аманат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш отырғызуы — бұл табиғатқа деген қамқорлық қана емес, ел болашағы үшін жасалған үлкен қадам.

Президенттің өз қолымен көшет егуі — әр азаматқа үлгі болатын ерекше іс. Мұндай әрекет қоғамға экосана мен жауапкершілік дәнін сеуіп, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні анық.

«Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 4,5 миллионға жуық ағаш отырғызылды. Бұл — жай ғана сан емес, бұл — орман алқаптарының жаңарып, болашақ ұрпаққа мұра болатын өмір көзі.

Осындай игі бастамалар табиғатпен үндес өмір сүруге үндейді. Әрбір көшет — болашақтың тынысы, әрбір отырғызылған ағаш — елдің өркендеуіне қосылған үлес. Бұл бастаманың жалғасын тауып, бүкіл қоғамға серпін береріне сенеміз.

Абай Дүйсеков,

облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры