Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сессияда «Қазақстан-2050» стратегиясын түбегейлі қайта қарауды ұсынды.
«Соңғы жылдары әлемде теңдессіз геосаяси, экономикалық және технологиялық өзгерістер болды. Осыған орай, біздің кейбір стратегиялық құжатымыз өзектілігін жоғалтты. Сондықтан «Қазақстан – 2050» стратегиясын түбегейлі қайта қарау қажет. Яғни, бұл құжатты қазіргі жаһандық үдерістерді ескере отырып, ел дамуының ұзақ мерзімге арналған басымдықтарын айқындайтын стратегияға айналдыру керек. Жалпы, кез-келген жұмыс мұқият жоспарлануы керек. Сонда мемлекеттік саясат стратегиялық сипатқа ие болады және тұрақты жүзеге асырылады. Сонымен бірге еліміз кез келген сын-қатерге төтеп бере алады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, елордада VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы өтіп жатыр.