Президент: “Этносаралық қатынасқа қатысты кез келген арандатудың жолын кесеміз”

Президент: “Этносаралық қатынасқа қатысты кез келген арандатудың жолын кесеміз”

Этносаралық келісім саясатында сөз бен іс бір жерден шығуға тиіс. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Aqorda.

«Ассамблеяның саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын күшейту керек. Бұл жұмысты орталықта және аймақтарда жүргізген жөн. Біз ауқымды саяси реформалардың нәтижесінде шынайы пікір алуандығына қол жеткіздік. Әрине, әр саясаткердің өз пікірі болуы орынды. Елімізді дамыту, күнделікті мәселелерді шешу туралы көзқарастар үнемі бірдей бола бермейді. Бұл – түсінікті», – деді Мемдекет басшысы.

Президент алайда ел бірлігін сақтауға келгенде жұдырықтай жұмыла білуіміз керектігін баса айтты.

«Этносаралық келісім саясатында сөз бен іс бір жерден шығуға тиіс. Ассамблея саяси партиялармен ақылдасып, кеңесіп отыруы қажет. Сонда бірлігімізді нығайтамыз. Этносаралық қатынасқа қатысты кез келген арандатудың жолын кесеміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтармен бөлісу