Полиция қызметкерлері зираттан темір ұрлау деректерін ашты

Полиция қызметкерлері зираттан темір ұрлау деректерін ашты

Жарты жыл ішінде Меңдіқара аудандық полиция бөліміне қабірлердегі қоршаулардан ұрланған металл бұйымдар, шынжырлар туралы бірнеше арыз білдіруші жүгінді. Бұл дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған сотталмаған ауданның 25 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Заттай дәлелдемелер темір қабылдау пунктінен алынып, иелеріне қайтарылды. Осы орайда, аудан тұрғындары полиция қызметкерлеріне осындай маңызды мәселеде жедел әрекет еткені үшін алғыстарын білдірді.

Жаңалықтармен бөлісу