Полиция қызметкерлері 20 жылдан кейінгі  туыстық байланысты қалпына келтіруге көмектесті Ашық дереккөзден алынған

Полиция қызметкерлері 20 жылдан кейінгі туыстық байланысты қалпына келтіруге көмектесті

Өткен жылы облыстық Полиция департаментінің аумақтық бөліністеріне туыстарымен, ата-аналарымен, бауырларымен, әпкелерімен байланысын жоғалту туралы 110 өтініш келіп түскен.

Жедел іс-қимылдар нәтижесінде полиция олардың 85-ін анықтады.

Адамдардың жоғалуының негізгі себебі – байланыстың жоғалуы және тұрғылықты жері туралы ақпараттың болмауы, сондай-ақ қарым-қатынастың бұзылуына әкелетін туыстар арасындағы бұрыннан келе жатқан қақтығыстар.

1995 жылы Қазақстаннан өзі туралы хабар қалдырмай кеткен 58 жастағы Александр Ханның оқиғасы ерекше еді. Бұл ізденістің тарихы Юлия Ханның Қостанай қаласын Полиция басқармасына келіп түскен өтінішінен басталды.

Ол 1995 жылы алыс шетелге тұрақты тұруға кеткеннен кейін отбасымен байланысын тоқтатқан әкесінен үмітін үзген жоқ.

Көптеген жылдар бойы ол әкесі туралы ақпарат табуға тырысты, бірақ нәтиже болмады.

Соған қарамастан, полицейлер оның үмітін үзбей, іздеу жұмыстарын жан-жақты бастады.

Көші-қон қызметінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында Александр Ханның орналасқан жері анықталды.

Александр Хан Францияда ұзақ уақыт тұрып, жұмыс істеді, бірақ әртүрлі себептермен туыстарымен байланысын үзген. Көптеген жылдардан кейін, қызы ақыры әкесімен қайта қосыла алды. Бұл жағдай Хан отбасы үшін нағыз сыйлық болды, үмітті үзбеу және жақсылыққа сену қаншалықты маңызды екендігінің мысалы болды. Полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби жұмысының арқасында жиырма жыл бұрын жоғалған туыстық байланыстарды қалпына келтіруге көмектесті.

 

Жаңалықтармен бөлісу