Мотоцикл жүргізушісі қаза тапқан жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Мотоцикл жүргізушісі қаза тапқан жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Бүгін таңертең Қостанай қаласының Карбышев көшесінде КамАЗ, жеңіл автокөлік және мотоциклдің қақтығысуымен жол апаты болды.

Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта жедел тергеу тобы болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерінің сақталу қажеттігін қатаң ескертеді.

Жаңалықтармен бөлісу