Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков қызметінен кетті. Бұл жаңалықты ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
“Жаңа қызмет орнына ауысуыма байланысты Қостанайдан кетіп бара жатырмын. Осыған орай облыс тұрғындарына, жұртшылыққа, жергілікті атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдарға, Қостанай облысы полиция Департаментінің жеке құрамына алғысымды білдіргім келеді”, – деп жазды ол.
Жазбада оның қандай қызметке ауысатыны көрсетілмеген. Көпшілікке алғыс білдіріп, Қостанайды әрқашан жылы естеліктермен еске алатынын айтқан.
“Қостанай өңірінде жаңа жобалар іске асырылды. Мен дербес бөлімше басшыларының тәжірибесін алдым. Қостанай облысын әрдайым үлкен жылулықпен еске аламын. Себебі мұнда мен жақсы адамдармен, басшылармен таныстым. Жаңа достар, серіктестер таптым. Сондай-ақ, Президенттің Жарлығымен ҚР ІІМ Министрінің ұсынысы бойынша маған полиция генерал-майоры атағы берілді. Бұл жалпы өңірдің зор еңбегі”, – деді Е.Омарбеков.