Полиция департаментінде мереке күндері өңірде жедел қалыптасқан жағдай туралы айтылды

Полиция департаментінде мереке күндері өңірде жедел қалыптасқан жағдай туралы айтылды

Мереке күндері Қостанай облысында 22 қылмыс ашылды.  Оның ішінде бұрын жасалған 10 қылмыс бар.​Мәселен, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы күдікті анықталды. Ол Қостанайдағы пәтерлердің бірінен ақша және зергерлік бұйымдарды ұрлап әкеткен. Шығын сомасы 1 млн 200 мың теңгені құрады. Ұрланған зат тәркіленді.

​Сонымен қатар,  медициналық айықтырғышқа 176 адам жеткізілген.

​Жол қауіпсіздігі желісі бойынша 738 бұзушылық анықталды, оның ішінде 13-і мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін тіркелді.  Сондай-ақ, бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған екі  жүргізуші ұсталды.

​Қарабалық ауданында алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзудың бір фактісі анықталды.

​Малын қараусыз жібергені үшін 408 – бап бойынша Қарасу, Ұзынкөл және Федоров, Меңдіқара және Әулиекөл аудандарында 8 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

​Бейнебақылау камераларының көмегімен 413 әкімшілік және 3 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Жаңалықтармен бөлісу