Облыстағы су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына орай республикалық, облыстық маңызы бар бірнеше бағыттағы жолдардың кейбір жерлері уақытша жабылды. Аудан аралық жолдардың жиектеріне су толуына байланысты жөндеу шаралары қолға алынбақ.
Тасқыннан кейін тазарту үшін мына республикалық бағыттағы жолдардың кейбір тұстары жабық:
1. Р-65 Ресей шекарасына жақын орналасқан Маринов ауылына баратын жол 0-9км;
2. Р-38 «Қостанай-Жақсы-Қарабұтақ-Қостанай» 4-5 км (Гашека көшесінен «Весна» қоғамдық саяжайына дейін)
3. Р36 «Денисов-Тавричен-Аршалы-Комаров» бағытындағы жол 42-96 км
(Приреченка ауылынан Комаров ауылына дейін)
Облыстық маңызы мына бағыттағы жолдардың да кейбір жерлеріне жөндеу жүргізіледі:
1. Рудный-Қашар-Федоров 52-58 км.
2. Қойбағар-Қарасу-Севастополь 0-56 км.
3. Қостанай қаласына кіре беріс 0-6 км.
4. Қарамеңді- Раздольный- Аралкөл 100-128 км.
5. Әулиекөл-Диев-Қосағал-Раздолный 52-130 км.
Уақытша жөндеу жұмыстарына байланысты мына аудан аралық жолдардың кейбір жерлерімен жүруге де шектеу қойылды:
1. Шұбалаң-Қарасу, 27-28, 46-49,91 км.
2. Тоқанай-Саға-Бидайық, 10 км.
3. Көкалат-Көлқамыс, 19 км.
4. Торғай-Шеген-Ақшығанақ, 15,23 км.
5. Аманкелді-Үрпек, 5 км.
6. Қарабалық-Елшанов 5 км.
7. Пушкино селосына кіре беріс жол 1 км.
8. Фрунзе ауылына кіре беріс жол 18 км.
9. Нагорный селосына кіре беріс жол 6 км.
10. Журавлев селосына кіре беріс жол 2 км.
11. Шевченов селосына кіре беріс жол 11 км.
12. Цебеловка селосына кіре беріс жол 17 км.
13. Костаряков селосына кірет беріс жол 22 км.
14. «Қарасу – Б. Чураков» – Комсомоль 9 км.
15. Ленино-Зеленов.
16. Жұмағұл – Шалғышы – Панфилов 1,6 км.
17. «Әулиекөл – Жалдама» – Ушаков 3 км.
18. Жұмағұл – Шалғышы – Панфилов – Кошевый (осы ауылға кіре беріс жол).
19. «Қарасу-Б. Чураков» – Новоселов-Новопавлов 70 км, 46 км.
20. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» Дружба-Степной 11 км.
21. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» бағытындағы Герцен селосына кіре беріс жол 4 км.
22. Зааят-Жалтыркөл 6 км.
23.Үрпек – Қабырға 25 км – 47 км.
24. Державин-Қарынсал-Горняк 20 км.
25. Боровской-Молодежный
(бұл жер су жіберу үшін қазылды).