28 мая, 2025
Полицейлер жалған хабар таратқан адамның жеке басын анықтап жатыр

Полицейлер жалған хабар таратқан адамның жеке басын анықтап жатыр

Белгісіз адамнан облыс орталығындағы мектептердің бірінде эвакуациялау фактісі бойынша жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабарлама келіп түскен еді.

«Оқиға орынында жауапты қызметтер жұмыс істеді. Барлық үй-жайларды тексеру жүргізілді. Тексеру барысында ақпарат расталмады», – деп түсініктеме берді облыстық ПД бұл жайында.

Қазіргі уақытта полиция құқық бұзушының жеке басын анықтап жатыр.
Ведомство тұрғындарға жалған терроризм туралы көрінеу жалған хабарлар және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқан үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.