Полицейлер зейнеткерге алаяқтар ұрлаған ақшаны қайтарып беруге көмектесті

Полицейлер зейнеткерге алаяқтар ұрлаған ақшаны қайтарып беруге көмектесті

Рудный қаласының 92 жастағы тұрғыны алаяқтардан зардап шеккендігін айтып полицияға хабарлаған.Оның айтуынша, үй телефонына қоңырау түскен. Алаяқтар өздерін полиция қызметкерлеріміз деп таныстырып, немересі жол-көлік оқиғасына түскені туралы айтқан. Әйел бірден бір жарым миллион теңгесі бар пакетті курьерге тапсырды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша хабарлама тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Полиция сыртқы бақылау камераларын пайдалана отырып, дроппер мінген көлікті анықтады. Кейінірек олар ақшаның облыс орталығы – Қостанайға аударылғанын білді. Сол күні екі жас жігіт ұсталып, ақша зейнеткерге қайтарылды. Күдіктілер 200 мыңды жұмсап үлгерген. Олардың бірі осындай әрекеттері үшін бірнеше рет жауапқа тартылған», – дейді криминалдық полиция қызметкері Мадияр Тәжин.

Зардап шеккен кейуананың немересі қылмысты жедел ашқан полицейлерге алғысын білдірді. Полицейлер кезекті мәрте облыс тұрғындарын қырағы болуға және күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырады!

Облыстық полиция департаменті 

Жаңалықтармен бөлісу